25 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №393

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 31 наурыз, Астана қаласы Дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін бекіту туралы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов): 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛГЕН»: Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ______________ В.ШКОЛЬНИК 20__ жылғы 17 сәуір Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №393 бұйрығымен бекітілген Дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндері Дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндері электр желілеріне қосылу нүктесіндегі кернеу класы бойынша анықталады: Электр желісінің кернеу класы cos ф* 110 – 220 кВ кернеуі > 0,89 6 – 35 кВ кернеуі > 0,92 0,4 кВ кернеуі > 0,93 * - cos ф (қуат коэффициенті) – активті қуаттың толық қуат қатынасына тең, электр тогының энергетикалық сипаттамасы болып табылатын өлшемсiз физикалық шама. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 21 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11108 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше